WordPress ашылып кеткені қызық болды

Блогымды бір қарайын деп, аса үміттенбесем де операның турбосын қосы кіріп көріп едім, өз блогыма қолым жетті. Сонымен WordPress-тің ашылып кеткені қызық болды. Ештеңе жазуға шабыт болмаса да, бірер сөйлем қалдыра кетейін деп шештім.

Advertisements

Ұялы телефон қарттар үшін байланыс құралы

сурет liveinternet.ru сайтынан алынды

Ұялы телефон байланыс құралы деп таниды қариялар. Олар көбінесе сөйлесу функциясын ғана пайдаланады.
Жалпы қарттардың көбі үйде отырады, олар сапарға шыға қоймайды. Сондықтан үйдегі телефон жеткілікті емес пе деген сұрақ туындайды.
Қазіргі уақытта балалары жасы үлкен әке-шешелеріне өздері ұялы телефон сыйлауы жиі кездеседі. Яғни, балалары мен немерелері ата-әжелеріне кез-келген уақытта хабарласып, жағдайларын сұрауға болмаса басқа да бұйымтайы бойынша ақыл кеңестерін жүгінудің жеңіл жолы осы екендігін өмір көрсетті.
Оқуды жалғастыру

Кезектің соңы кім?!

сурет news.bbc.co.uk сайтынан алында

«Тамашада» Т.Жаманқұловтың қария кейпін сомдап тұрып, аспанға қарап, иегін созып «О, жақта «очередь» жоқ па?» деп қалатыны бар. Осы көрініс жұртты қыран-топан күлкіге көмеді. Кеңес одағынан арыла алмай келе жатқан кезекте тұрудың қиыншылығын келемеждеген көрініске бәріміз езу тартамыз. Ендеше кезекке тұруды жек көретін көпшілікке осы құбылыс жайында ой толғап көрелік. Оқуды жалғастыру

Неге wordpress.com кейде ашпай қалады?

Тамыз айының ортасы ауған кезден бері блогыма қолым жетпей жүр. Неге екенін білмедім барлық браузерден, бірнеше интернет ұсынушылардан ашып көріп едім ашылмады. Бос бетті ғана көрсетіп тұрып алды. Ол ол ма wordpress.com ашқанымен оның қазақтілді беті оқуға еш мүмкіндік жоқ. Алғашында ойым қызмет орнымдағы жүйе қолдаушылары тұсады ма дегенге сайған. Алайда Wimax модемі көмектесе алмағаны.  Оқуды жалғастыру

Ішкі әскердің айда несі бар?

Сурет ішкі әскер сайтынан алынды

Соңғы кезде “үй ішінен үй тіккендер” көбейіп, түрлі мемлекеттік құрылымдардың өздеріне гимн жасай бастауы тенденцияға айналған. Ең жайсызы жаһанға жар салып, таңдап алған туындыларының аса сапасыз әрі көңілге қонымсыз болып шығатыны бар. Жақында ғаламтор ақтарып отырып (көп әріптестерім осы ғаламтордағы қазақша сайттарды шолуын жазар кезде осылай бастайтынын аңғардым) соның ішінде қазақша дүниелерді бір сүзіп шығып отырып (жақсы дүниеге жолығып қалатын кезім аз емес) ішкі әскердің әнұранына жолықтым. Өзім поэзияға аса білгір болмасам да өлең жолының ұйқасы мен сапасының кемшін тұсын көре алатын қатардағы оқырман едім. Әнұранда ұйқаспайтын тұстар аз емес екендігін көрдім. Былайша алғанда білдей бір мекеменің мақсат, мұратын жырлайтын дүние деуден гөрі “бала ақынның” ортанқол дүниесі дегенге келетін өлең екен. Оқуды жалғастыру

Үндеу жастардың жайын ойлай ма, әлде, астарында басқа ой жатыр ма?

сурет studlife.kz алынды«Болашақ журналистер сауатты болса екен!»  Дәл осындай тақырыппен Астанадағы БАҚ журналистері (аттары жазылмапты) Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан  Сыдықовқа ҮНДЕУ жолдапты. Оған университеттен 2006-2011 жылдары бітірген журналистер атынан бір топ адам қол қойған. Осыны оқып отырып екіұдай күйде қалдым.Өйткені әріптестерімнің айтқандары көңілден шыққанымен, ондағы жазылған жайттар бір нәрсеге ғана саяды. Солай болмаса екен дегенмен оны қайтара оқығанда мәселенің мәнісіне көзім жетті.  Оқуды жалғастыру

Тілші ойлары

Жақында “Нұр Астана” газеті журналистердің өз мамандықтарына қатысты ойларын анықтаған жедел сауал-сұхбат жүргізді. 3 сауал бірқатар жас тілшілердің өз мамандықтары жөніндегі толғаныстарын анықтады. Бұл мақала аталмыш газеттің 4-тамыздағы №30 санында жарық көрді. Осы сауалға берген жауаптарым да жарыққа шығыпты. Ержан Қалымбайұлы, Өркен Кенжебек секілді тілшілермен қатар тұру абырой екені сөзсіз. Мен сол сұрақтарға берген жауаптарымның толық нұсқасын жариялауды жөн көрдім. Оқуды жалғастыру